Павлодар облысы дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімі
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыруды қамтамасыз ету бөлімнің негізгі міндеті болып табылады.
Бөлім өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді; 2) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді жүргізеді; 3) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; 4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдерді береді.
Бөлім құрамы:
Т.А.Ә. |
Лауазымы |
Телефоны |
Күлжібаев Серік Қабыкенұлы |
Бөлім басшысы |
61-08-83 |
Мейірманов Әділет Асқарұлы |
Бас маман |
61-08-83 |
Акказина Шолпан Нұртөлеуқызы |
Бас маман |
62-77-99 |