Табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру және әкімшілік жұмыс бөлімі

    Жалпы ақпарат

    1) Облыс аумағында коммуналдық қалдықтар бойынша жұмысты үйлестіреді;

    2) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқаруды жүзеге асырады;

    3) облыс аумағында иесіз қалдықтардың анықталуын қамтамасыз етеді және осындай қалдықтардың бар екендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап алты ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге және мұндай қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті;

    1) коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

    2) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 366 - бабы 3-тармағының 1) – 3) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларына қатысты конкурсты ұйымдастырушы болады, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;

    3) биологиялық ыдырайтын қалдықтарды қайта өңдеу, атап айтқанда компосттау және кәдеге жарату әдісімен, оның ішінде Биогаз және (немесе) энергия өндіру мақсатында оларды көмуді қысқартуды ынталандыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

    4) Қоршаған ортаны сауықтыруға бағытталған табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.