Қаражал қаласының полиция бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Қаражал қаласының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесіне кіретін және Ұлытау облысының Полиция департаментіне тікелей бағынатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

    Өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды, ішкі істер органдары бағынысты бөліністерінің қызметін үйлестіруді және ведомстволық бақылауды жүзеге асырады, карантиндік- санитарлық эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады, Полиция департаменті мен мүдделі мемлекеттік органдарды қылмысқа қарсы күрестің, қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіпті сақтаудың жағдайы туралы ақпараттандырады.

    Кезекші бөлім: 8 (71032) 2-65-35

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.