Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

    Міндеті: Басқарманықұқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; ҚР Заңдарын, ҚР Президенті Жарлықтарын, ҚР Үкіметі қаулыларын, облыс әкімі мен әкімдігі актілерініңсақталуына бақылауды қамтамасыз ету.

    Функциялары:

    1)Кіріс құжаттарының, Басқарма басшысы мен жоғары тұрған органдар тапсырмаларын орындау мерзімдеріне бақылауды қамтамасыз етеді.

    2)Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жүргізілетін жұмысты, сондай-ақ өтініштердің орындалуын талдауды және бақылаудыұйымдастырады.

    3)Басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулардың, келісім-шарттардың және құқықтық сипаттағы басқа да жобалардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді.

    4)Басқарма қызметінде заңдылықты сақтауды және оның құқықтық мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді.

    5)Облыс әкімі және әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілері жобаларын дайындауды және құқықтық сараптамасын жасауды жүзеге асырады.

    6)Басқармада құқықтық жұмысты ұйымдастырады.

    7)Ветеринария саласында қолданыстағы заңнаманы түсіндіреді;

    8)Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сүйемелдейді, барлық қажетті материалдарды дайындайды.

    9)Басқарма әзірлеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді.

    10)Басқарманың норма түзушілік қызметіне талдау жасайды.

    Құқығы және міндеттері:

    1)Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;

    2)Бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін басшылықтан және бөлімдерден қажетті ақпаратты сұратуға;

    3)Белгіленген талаптарды бұзып дайындалған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орындаушыларға жөндеуге қайтаруға;

    4)Ветеринария басқармасы жұмысының мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға бөлімдерден мамандар тартуғақұқығы бар.

    5)Осы ережемен бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың сапалы мен уақытылы орындалуына бөлім басшысы жауапты болады;

    6)Бөлім қызметкерлері жауапкершілігінің деңгейі лауазымдық нұсқаулықта белгіленген;

    7)Бөлім басшысы мен мамандары олармен рәсімделген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келуіне дербес жауапты болады.

    Бөлім қызметін ұйымдастыру:

    1)Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

    2)Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

    3)Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

    4)Бөлім басшысы басқарма басшылығына Бөлімнің штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

    5)Осы мақсатта басшы Бөлімнің құрамына кіретін мамандардың міндеттерін анықтайды.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.