Қазалы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;
2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
3) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиалымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
5) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
7) әлеуметтік маңызы бар, сұранысы жоғары азық-түлік емес тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізу;
8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинақтап, талдап және оны «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ұсыну;
11) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;
13) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсету;
14) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
15) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу;
16) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
17) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
18) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
19) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
20) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру;
21) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.