Инфрақұрылымды, цифрландыруды дамыту және материалдық-техникалық жабдықтар бөлімі
Жалпы ақпарат
Инфрақұрылымды, цифрландыруды дамыту және материалдық-техникалық жабдықтар бөлімі (әрі қарай- Бөлім) Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының құрылымды бөлімшесі болып табылады және тікелей басқарма басшысына бағынады.
- Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет және мемлекеттік награда саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
- Бөлім қызметі басқарманың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес іске асырылады.
- Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы бекітеді.