Туризмді дамыту бөлімі

    Бөлім туралы

    Бөлімнің негізгі функциялары:

    1. Туристік қызметтер көрсету нарығында талдау жасау және Шымкент қаласында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс ету;
    2. Шымкент қаласы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;
    3. Халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
    4. Туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
    5. Гидті кәсіптік даярлауды ұйымдастыру;
    6. Шымкент қаласы аумағында туризм инфрақұрылымын құру, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдау;
    7. Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
    8. Уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекіту;
    9. Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу;
    10. Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау;
    11. Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу;
    12. Мамандандырылған түрлі туристік іс-шараларды (фестивальдар, форумдар, көрмелер, слеттар, дөңгелек үстелдер және тағы басқа) ұйымдастыру;
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.