Туризм және туристік инфрақұрылымды дамыту бөлімі
Жалпы ақпарат
Облыстың аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады және үйлестiрудi жүзеге асырады. Туризмді дамыту және қолдау бойынша заңнама мәселелеріне сәйкес ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Туристiк қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және облыстың аумағында туризмнiң дамуы туралы қажеттi мәлiметтердi уәкiлеттi органға табыс етедi, облыстық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және енгiзедi.