Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі

    Об отделе

    «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) аудан аумағында ауыл шаруашылық және жер қатынастарын реттеуге бағытталған жер заңдылықтары іс-шаралар жүйесін іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    2. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Ж.Ізтұрғанов көшесі, №7, индекс 060100.

    3. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі

    Мекеменіңмақсаты:

    ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету, аудан аумағындағы жерді тиімді пайдалану, жер қорының есебін жүргізу, жер ресурстарын қорғауға септігін тигізетін жағдай жасау, жерге орналастыруды жүргізу, елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру.

    Мекеменің құқықтары:

    - мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда ауданның мүддесі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша білдіруге және жазбаша қатынас хаттар жүргізуге;

    - бөлім өзіне жүктелген функцияларды атқаруға қажетті ақпараттарды тиісті бөлімдерден сұратуға;

    - белгіленген тәртіппен аудандық бюджетті құрастыру үшін ұсыныстар енгізуге;

    - бөлімнің материалдық-техникалық және ұйымдық әлеуметтік қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар беруге;

    - мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қосымша ақпаратқа тиісті мемлекеттік органдарға сауалмен жүгінуге;

    - мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге құқылы.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.