Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
халықты азық – түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен, аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған ауыл шаруашылығы саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу;
- ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырады;
- агроөнеркәсіп кешенін реформалауды тереңдету, жетілдіру, шаруашылық жүргізудің әр түрлі нысандарын дамытуға қатысу;
- нарық жағдайында ауыл шаруашылығы өндірістері субъектілерінің қызмет істеуінің экономикалық тезистерін жетілдіру жөніндегі жоғары тұрған органдар жасаған ұсыныстарды жүзеге асыру;
- аграрлық секторды басқарудың жаңа жүйесін енгізу;
- ауданның ішкі және сыртқы сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуді жолға қоюды ынталандыру жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру;
- маркетингтік ұсыныстарды әзірлеу;
- ауданның ауыл шаруашылығында саласында баға саясатын тұрақтандыру;
- шаруашылық жүргізуші субъектілерге, фермерлер мен шаруа қожалықтарына техникалық сервистік қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған бағдарламаларға қатысу;
- егін мен мал шаруашылығы саласында сапалы тұқым және асылдандыру жұмыстарының бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу;
- меншіктің барлық нысандағы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеудің озық әдістерін, технологиясын енгізу жөніндегі шараларға қатысу;
- ауыл шаруашылығы саласындағы науқандық жұмыстарға бақылау жасау;