Арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтар бөлімі
1) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта жүргізуді қамтамасыз етеді.
5. Функциялары:
1) уәкілетті органмен келісімн бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешім қабылдау;
2) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешім қабылдау;
3) жекеше индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын келістіру;
4) ерекше индустриялық аймақ мәртебесін бере отырып, ерекше индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасын келістіру;
5) ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдау;
6) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың үлгілік ережесі негізінде республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы ережені бекіту;
7) индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын қоса алғанда, индустриялық аймақты құру жобаларын сараптау, сондай-ақ құрылатын индустриялық аймақ үшін инфрақұрылым салу кезінде жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
8) индустриялық аймақтарды дамыту жоспарларының жобаларын әзірлеу;
9) индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын айқындау;
10) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын тарту;
11) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау бойынша шартты жасасу;
12) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органның келісімі бойынша арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы бойынша шартты жасасу;
13) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы бойынша шартты жасасу;
14) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтар қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын, бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторингтің деректерін талдау;
15) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
16) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
17) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсетеді, оларды қоса қаржыландыруға қатысады;
18) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды ендіруді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
19) жеке кәсіпкерлік (оның ішінде шетелдік субъектілердің), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада ғылым жөніндегі кеңестерді құрады;
20) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикада қолдану) болып табылатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысады;
21) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
22) уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдістемелік қамтамасыз етуге қатысады;
23) ғылымды дамытудың басым бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
24) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді және олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
25) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді.
26) бөлімнің мәселелері бойынша мемлекеттік және салалық даму бағдарламаларын, стратегиялық жоспарларды іске асыру;
27) бөлім мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді (әкім шешімдерінің/өкімдерінің жобаларын, облыс әкімдігі қаулыларын) әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету.