Техникалық қадағалау бөлімі
Жалпы ақпарат
Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының
2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 16 бұйрығымен бекітілген
Алматы қаласы Білім басқармасының техникалық қадағалау бөлімінің Ережесі
- Жалпы ережелер
- Алматы қаласы Білім басқармасының техникалық қадағалау бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Алматы қаласы Білім басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, қосымша нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де қолданыстағы заңнамасын, Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары мен өкімдерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, Басқарманың жарғысын, бөлімнің ережесін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы мен қызметкерлер саны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Бөлім құрамына кіреді:
- бөлім басшысы;
- бас маман;
- бас маман.
- Техникалық қадағалау бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндет: бюджеттік бағдарламалар объектілерінің жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу кезінде тапсырыс беруші функциясын жүзеге асыру.
Функциялар:
- жобалық ұйымдар ұсынған жобалау-іздестіру жұмыстарының (ПИР) құнын есептеу;
- техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге арналған жобалық ұйымдармен жасалатын шарттарды қарау және келісу, ЖСҚ әзірлеудің мерзімдерін айқындау және қажет болған жағдайда оларды ұзарту мәселелерін қарау.
- Міндет: жобаны жүзеге асыратын ұйымдардың жобалық-шарттық міндеттемелерін орындауын қарау және бақылау, қажет болған жағдайда шартта көзделген санкцияларды қолдану.
Функциялар:
- ЖСҚ әзірлеуге арналған сәулет-жоспарлау тапсырмаларын (АПЗ) бақылау;
- мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысатын жобалық ұйымдардың мемлекеттік мекемелермен, қаланың инженерлік қызметтерімен, Мемлекеттік жобалар сараптамасымен өзара әрекеттесуіне жәрдемдесу.
- Міндет: жобалық ұйымдардың жобалау үшін қажетті бастапқы құжаттаманы уақытылы алуын қамтамасыз ету.
Функция:
- ЖСҚ-ны Мемлекеттік сараптамамен келісу үшін қарау.
- Міндет: орындалған жұмыстардың құрамы мен толықтығын қарау мақсатында ЖСҚ-ны қарау бойынша бөлім жұмысына үйлестіру жүргізу.
Функциялар:
- Мемлекеттік сараптамадан өткен ЖСҚ-ны шартта көзделген көлемде қабылдау;
- білім беру объектілерінде құрылыс, күрделі жөндеу, сейсмикалық күшейту және ағымдағы жөндеу жұмыстарын бақылау;
- жобалау және күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілерін қабылдау.
- Міндет: жобалық ұйымдармен жоспарлы және жоспардан тыс көшпелі кеңестер өткізу бойынша ұсыныстар енгізу.
Функциялар:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, өз құзыреті шегінде жауаптар дайындау;
- атқарылған жұмыстар туралы Басқарма басшысына есеп беру.
- Құқықтары мен міндеттері:
- өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысу, тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардан олардың орындалуын талап ету;
- лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алу;
- мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға ұсыныстар енгізу;
- Басқарма қызметкерлері мен білім беру ұйымдарынан құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру үшін қажетті құжаттарды уақтылы ұсынуды талап ету;
- Басқарма қызметкерлері мен білім беру ұйымдарынан дұрыс ресімделмеген немесе толық ресімделмеген құжаттарды орындауға қабылдамау.
- Техникалық қадағалау бөлімінің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президент актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға құқылы.
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
- Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген функциялардың орындалуына және олардың нәтижелеріне жеке жауапты болады.
- Бөлім басшысы бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесіне қатысты ұсыныстарды Алматы қаласы Білім басқармасының басшысына енгізеді.
- Осы мақсатта бөлім басшысы:
- бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
- бөлімнің функцияларын өз өкілеттігі шегінде бөледі;
- Басқарма басшылығы жүктеген басқа да функцияларды орындайды.
- Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелеріне бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жолданатын құжаттарға бөлім басшысы қол қояды, ал оның болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға қол қояды.
Техникалық қадағалау бөлімінің басшысы
Е. Ибраймов