Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу-әдістемелік және жоғары спорт жетістіктері бөлімі

    Бөлім туралы

    Оқу-әдістемелік және жоғары спорт жетістіктері бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына арналған Жолдауы, 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын, ҚР Үкіметінің өкімдері мен қаулыларын, ҚР Министрліктерінің бұйрықтары мен нұсқауларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының бұйрықтарын және басқарма қызметін реттейтін басқа да заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілерді, ішкі тәртібі ережелерін сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    Сонымен қатар, негізгі қызмет барысында Қазақстан Республикасы «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдегі №228-V-ҚРЗ, 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Заңдарын, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексін, ҚР министрліктерінің бұйрықтары мен нұсқауларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының бұйрықтарын және басқарма қызметін реттейтін басқа да заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілерді, ішкі тәртіп ережелерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.