Cыртқы байланыстар және әкімшілік бақылау бөлімі
Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару, халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, инвестиция тарту, шетелдік делегациялармен жұмыс жүргізу және облыстың экономикалық әлеуетін ілгерілету бағытында қызмет атқарады.
Негізгі бағыттары:
1.Заңдар мен нормативтік актілерді орындау, басқарма басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру.
2.Халықаралық байланыстар, шетелдік инвестициялар тарту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту.
3.Шетелдік делегациялар мен инвесторларды қабылдау, іссапарларды ұйымдастыру, талдамалық ақпараттар әзірлеу.
4.Инвестициялық жобаларды дайындау, мониторинг жасау, презентациялық және шетел тіліндегі материалдар әзірлеу.
5.Мемлекеттік қызметшілердің кадрлық жұмысы, оқыту, біліктілікті арттыру және еңбек өтілін есептеу.
6.Құжат айналымын басқару, бухгалтерлік және қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру, мүліктің есебін жүргізу.
7.Азаматтық институттармен, үкіметтік емес ұйымдармен, БАҚ-пен және қоғаммен байланыс жүргізу.
8.Төтенше жағдайлар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру.
9.Басқарма жұмысының барлық бағыттары бойынша есептер дайындау және бақылау жүргізу.
10.Басқарма басшылығының өзге тапсырмаларын орындау.