Алматы қаласы әкімі аппараты сыртқы байланыс бөлімі
Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие;
Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қызмет басшысы басқарады;
Бөлім басшысы бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттері қызмет қызметкерлерінің біріне жүктеледі;
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға қызмет басшысы, ал болмаған жағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.