Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі

    Жалпы ақпарат

    - Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкімет актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс және аудан Әкімдерінің шешімдерінің өкімдері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау;

    - стратегиялық және саяси жобалауды жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың ішкі саясат мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіру, бірыңғай әрекет жоспарын әзірлеу;

    - қоғамдық-саяси жағдай мен діни бірлестік, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа қоғамдық ұйымдардың мониторингін өткізу жолымен аудан тұрғындарының қоғамдық пікірін зерделеу;

    - саяси партиялардың, қоғамдық-саяси, діни бірлестіктердің қызметі жөнінде ақпараттық-анықтамалық құжаттар әзірлеу;

    - ішкі саяси тұрақтылықты, қоғам бірігуін және конфессияаралық өзара қатынас келісімін қамтамасыз ету;

    - оқиға тұстары есебі белгіленген аудандағы мемлекеттік органдардың медиа-жоспарлау, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және үйлестіру;

    - жергілікті ақпарат құралдарымен өзара қатынас ұйымдастыру және үйлестіру, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірігіп мақсатты шаралар әзірлеу және оны өткізу;

    Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, «Қазақстан-2030» Стратегиясын, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттау топтарының қызметін үйлестіру;

    - Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау Концепциясына сәйкес, үкіметтік емес ұйымдармен өзара қатынас жасау;

    - жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға ұйымдастыру-тәжірибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық көмек көрсету;

    - ауданның ішкі саяси жағдайын, партиялық құрылысын талдау және болжам жасау;

    - саяси партиялармен, қоғамдық-саяси қозғалыстармен, діни бірлестіктермен өзара қатынас мәселелері жөнінде ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен т.б. ұйымдастыру және өткізу;

    - Қ Р заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

    - ішкі саясатының мәселелері жөнінде семинарлар, мәжілістер, конференциялар ұйымдастыруға, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі мекемелердің, органдардың, қоғамдық бірлестіктердің форумдарына қатысу;

    - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша негізгі міндеттерін және өзінің функцияларын жүзеге асыру;

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.