Тәрбие жұмысы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі
Тәрбие жұмысы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі сұрақтары бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байытады.
Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелейді.
Белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастырады.
Білім беру саласында тәрбие жұмысы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамыту және үйлестіреді.
Білім беру ұйымдарында қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастырады.
Жастарды тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру және әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын жетілдіреді.
Мемлекеттік бағдарламалар, тұжырымдамалар, ұлттық жобалар мен жол карталарын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Облыстың еңбек нарығын Техникалық және кәсіптік білім білім беру ұйымдары арқылы білікті кадрлармен қамтамасыз етеді. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының талаптарына сәйкестігін анықтайды.
Бақылау сандары, мемлекеттік тапсырыстар, ұзақ мерзімді ғылыми-негізделген экономикалық нормативтік лимитттер, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тапсырыстары негізінде бөлім Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары арқылы кадрлар даярлау жоспарларын әзірлейді және бекітеді. Кадрлар даярлауға келісімшарттар жасайды.
Өңірдің индустриялық-инновациялық жобаларына сәйкес Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Ауыл шаруашылығы басқармасының, Денсаулық сақтау басқармасының, Мәдениет басқармасының, Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының бірлескен болжамды кадрлар қажеттілігі негізінде жаңа оқу жылына арналған білім алушыларды қабылдау жоспарын, материалдық-техникалық базаны, оқу орнының кадрлық қамтамасыз етілуін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім кадрларын даярлауда мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша жұмыстарды үйлестіреді.
Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары мен Тапсырыс беруші кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) жауапкершілігі мен қажеттілігін құқықтық тұрғыда белгілеу арқылы оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында кадр саясатын жүргізеді: нарықтық қатынастар жағдайында педагогикалық, инженерлік-педагогикалық және басқару кадрларын даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың конституциялық құқығын қамтамасыз етеді