№ 2 салалық бөлімі
Об отделе
Бөлімнің құзыретіне аумақтарды дамыту, стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджетті және бюджетаралық қатынастарды қаржылық және дамыту, салық саясаты, коммуналдық меншік және жекешелендіру, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, дене шынықтыру және спорт бағдарламаларын іске асыратын басқармалардың қызметін үйлестіру кіреді.
Бөлім жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуына бақылау жүргізеді, олардың орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастырады.