№ 3 салалық бөлімі
Бөлімнің құзыретіне өнеркәсіпті, жер қойнауын пайдалануды, инвестицияларды, инновацияларды, жергілікті қамтуды, кәсіпкерлік пен бизнесті, сауданы (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары), туризмді, техникалық реттеуді, импортты алмастыру мен экспортты, денсаулық сақтауды, спортты, мәдениет пен мұрағат ісін, цифрландыруды дамыту саласындағы жұмыстарды үйлестіру кіреді.
Бөлім жетекшілік ететін бағыт бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін, іс-шараларды (кеңестер, кездесулер, форумдар, дөңгелек үстелдер, сапарлар және т.б.) жоспарлау мен ұйымдастыруды, оларға қатысуға шаруашылық жүргізуші субъектілерді (инвесторлар, кәсіпкерлер және т. б.), комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді тарта отырып жүзеге асырады.
Бөлім жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуына бақылау жүргізеді, олардың орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастырады.