«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің шеңберінде Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағында жер қатынастары саласында мемлекеттік реттеуді және басшылықты іске асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Жер қатынастары бөлімінің мақсаттары:
- жер қатынастарды реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;
- жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту;
- Теміртау қаласы және Ақтау кенті аумағында жер саласындағы мемлекеттік қызметерді көрсету сапасын арттыру.