Павлодар облысы Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты
Әкімдік туралы
"Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімдігінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.