Павлодар облысы Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты
Әкімдік туралы
Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкім аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ауылдық округ әкімі аппаратының негізгі міндеттері әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу болып табылады.