Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты
Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Әкім аппараты заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкім аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.