Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы
    1. «Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) Майқайың кенті әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.
    2. Әкім аппаратында государственные органы жоқ.
    3. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    4. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
    5. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
    6. Әкім аппараты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.