Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Торайғыр ауылдық округінің жалпы аумағы 1653 шаршы шақырымды құрайды.Торайғыр ауылы, Қызылшілік және Қандықарасу елді мекені.Жалпы округ бойынша халық саны 935 адам.228 аула бар, оның ішінде: Торайғыр ауылында 155 аула (598 адам), Александровка елді мекенінде 14 аула (83 адам), Қызылшілік ауылында 62 аула (254 адам).

    Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 318,зейнеткер-129, 1,2,3 топтағы мүгедектер-30, Жастар саны – 132.

    Округ бойынша жалпы орта білім беру мектебі -1, шағын орталық -2, Мәдениет үйі – 1, мешіт- 1, дәрігерлік амбулатория – 1, кітапхана – 1, Қазпошта бөлімшесі – 1, дүкен саны – 7, шағын футбол алаңы – 1.

    Округте негізгі мал шаруашылығымен айналысады.Округте жалпы ірі қараның саны – 4513 бас; қой, – 5895бас; жылқы – 4023 бас; құстар – 715 бас құрайды.

    Округ бойынша 46-шаруа қожалықтары жұмыс жасайды.Округте жалпы ірі қараның саны – 4513 бас; қой, – 5895бас; жылқы – 4023 бас; құстар – 715 бас құрайды.

    2021 жылы ауылдық округінде 4G форматында интернет желісі мен ұялы байланыс іске қосылды.

    Сонымен қатар, туризм саласы жыл сайын халыққа сервистік қызмет көрсету деңгейі артуда.Қонақ үйлер, Әулие бұлағы маңында киіз үй және «Кәусар» кафесі мен көл маңында Жарболовтың қонақ үйлері туристерге қызмет көрсетуде.

    Округ әкімінің аппаратында 5 мемлекеттік қызметкер қызмет атқарады.Округ бойынша 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.Бұл-елді мекен аумағында объектілер салу үшін жер учаскесін беру және жердің нысаналы мақсатын өзгерту.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.