Павлодар облысы Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты
Әкімдік туралы
Әкімшілік жағынан Ақкөл ауылдық округінің құрамына 3 елді мекен кіреді: Ақкөл ауылы, Зеленая роща ауылы және Жақсат ауылы. Ауылдық округтің жалпы аумағы 180 661,9 га. әкімшілік орталығы Ақкөл ауылы жырық деп аталатын шағын сайдың оңтүстік жағында, Шідерті өзенінен батысқа қарай 3 км жерде орналасқан. Екібастұз қаласы қалалық әкімшілігінің орталығынан 84 км, Павлодар қаласының облыс орталығынан 206 км қашықтық.
Өз қызметін 1995 жылғы 12 қазаннан бастаған "Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Жергілікті атқарушы билік органы болып табылады.