Павлодар облысы Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты
«Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
«Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
«Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
«Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.