Павлодар облысы Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    «Павлодар облысының аумағында ауылдық округтерді құру туралы» Павлодар облыстық әкімшілігі басшысының 1994 жылы 14 сәуірдегі қаулысымен бұрынғы ауылдық Кеңестердің шекараларында бірнеше елді мекендерді қамтитын 146 ауылдық округ құрылды, оның ішінде Екібастұз ауданының Теміржол ауылдық округі орталығы Құлақөл ауылы, «Қазақстанның 30 жылдығы атындағы колхоз бөлімшесі және 3- Т окубай разъезі елді мекендері бар. «Екібастұз қаласы Құдайкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» және «Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы 27 шілдесіндегі №894/7 қаулысының негізінде, 2 елді мекен Теміржол ауылдық округіне қосылды. Бүгінгі күні Теміржол ауылдық округі келесі елді мекендерден тұрады: Құлақөл ауылы, Қарасор ауылы, Құдайкөл ауылы және №3 бөлімше. Ауылдық округтің жалпы аумағы 151 355,19 га.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.