Павлодар облысы Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі әкімінің аппараты
Әкімдік туралы
Ертіс ауданы әкімдігінің «Ағашорын ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады,азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Ертіс ауданы әкімдігінің «Ағашорын ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі әкімінің шешімдерімен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды, құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.