Павлодар облысы Ертіс ауданы Cеверный ауылдық округі әкімінің аппараты
Әкімдік туралы
«Северный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Северный ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру -құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларындағы басшылықты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
«Северный ауылдық округі әкімінің» мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
«Северный ауылдық округі әкімінің» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.