Павлодар облысы Май ауданы Ақшиман ауылы әкімінің аппараты
Әкімдік туралы
Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу болып табылады.
Әкімшісі болып табылатын аудандық мәслихаттың бекітуі үшін бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Тізілімге сәйкес халыққа мемлекеттік қызмет көрсету.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету.
Ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау.