Павлодар облысы Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты
Әкімдік туралы
«Железин ауданы Қазақстан ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері: әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу; ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі әкімнің қызметін қамтамасыз ету; әкімнің басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылы. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.