Павлодар облысы Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

    жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

    бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды;

    мемлекеттік мекеменің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

    тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

    аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

    мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына шағын несие беруге жәрдем көрсетеді.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.