Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының жоспарлау-қаржыландыру бөлімі

    Бөлім туралы

    Бөлімнің негізгі міндеттері:

    1) Басқарма жұмысында бухгалтерлік есепті және қаржылық-шаруашылық есепті ұйымдастыру;

    2) Басқарма шығыстарын жоспарлау және есебін жүргізу;

    3) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

    Функциялары:

    1) бухгалтерлік есепті және есеп-қисапты жүргізу, бюджет қаржысының мақсатсыз пайдаланылуын болдырмау;

    2) ақшалай қаржат, тауарлық-материалдық құндылықтар есебін жүргізу және қаржы штаты мен касса тәртібін сақтау;

    3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №468 бұйрығына сәйкес www.e-minfin.gov.kz сайты арқылы оларды тапсыру, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» №587 бұйрығына сәйкес www.stat.gov.kz, www.cabinet.salyk.kz сайттарына статистикалық және салық есептерін электронды түрде тапсыру, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес www.goszakup.gov.kz веб-порталында электронды мемлекеттік сатып алуды өткізу және келісім шарт жасасу, актілерге қол қоюды жүзеге асыру, www.e-gov.kz сайтына «Ашық бюджет» бойынша тиісті қаржылық жылға бюджет бағдарламалар бойынша ақпарат енгізу;

    4) тиісті есептерді тіркей отырып бюджет өтінімдерін, жылдық қаржылық жоспарды жасау, қаржылық жоспарға мерзімінде өзгерістер енгізу және облыстық маслихат сессиясы шешімі бойынша бюджеттік өтінімдерді нақтылау;

    5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №636 бұйрығына сәйкес бірыңғай есеп тапсыру жүйесі (ЕССО) арқылы түгендеу қорытындысы есептерін тапсыру;

    Бөлімнің негізгі міндеті мен өзіне жүктелген функцияларын жүзеге асыру мақсатында бөлім өзіне жүктелген құзырет шегінде құқылы:

    1) Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау мақсатында басқа бөлімдерден, басқарманың қарамағындағы ұйымдардан құжаттар, есептер, анықтамалар және басқа да материалдарды сұратуға және алуға;

    2) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

    3) Басқарма басшысының тапсырмасына сәйкес басқарма қарамағындағы ұйымдардың қызметіне бөлім қызметінің бағытына сәйкес мәселелер бойынша тексеру жүргізу;

    4) Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

    Бөлімнің негізгі міндеттері:

    1) Басқарма қызметін жүзеге асыру кезінде заңдылық тәртібін сақтауды қамтамасыз ету;

    2) Бухгалтерлік есеп және қаржылық-шаруашылық қызметі есебін қамтамасыз ету;

    3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.