«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Жалпы ақпарат
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлімшелік Басқарма) тиісті аумақта құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімді бақылау және қадағалау, сондай-ақ техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау салаларындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Міндеттері:
- реттелетін салада іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
- тиісті аумақтағы реттелетін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Бөлімшелік Басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді өз құзыретінің шегінде жүзеге асыру.