"Білім беру мазмұнын сараптаудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

    Жалпы ақпарат

    Міндеттері: пилоттық орта білім беру ұйымдарында оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуді ұйымдастыру және оларды оқу процесінде пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу; «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесіне енгізілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқулықтарының, оқу-әдістемелік кешендерінің сапасына мониторинг ұйымдастыру және жүргізу, олардың мазмұнын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу; орта білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру; сарапшылар базасына енгізу мақсатында ғалымдар мен педагогтер үшін оқыту курстарын ұйымдастыру және өткізу; сараптама жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік құралдарды, ұсынымдарды, ережелерді дайындау және бекіту; Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптамалық талдауды ұйымдастыру; пилоттық мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сынақтан өткізуді ұйымдастыру және оларды оқу процесінде пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.