"Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Тарихи:
Аурухана 1972 жылы құрылып, Қазақ КСР ІІМ ведомствосында болды. 1988 жылы Денсаулық сақтау министрлігіне ауыстырылды. ҚР ДСМ «ЖБМҮРПА» ММ- есі дұрыс емес жағдайда қоғамдық қауіпті әрекеттер жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикалық бұзылулар пайда болған адамдарды мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын жалғыз және ірі психиатриялық ұйым. Мекемеде мәжбүрлеп емдеу өзінің психикалық жағдайы мен жасаған қоғамға қауіпті әрекетінің сипаты бойынша тұрақты және қарқынды бақылауды талап ететін науқастарға сот шешімі бойынша тағайындалады.
Қызмет түрлері:
дәрігерге дейінгі медициналық көмек; • мамандандырылған стационарлық медициналық көмек (психиатриялық, фтизиатриялық); • 12 мамандық бойынша мамандандырылған консультациялық-диагностикалық медициналық көмек; |
• медициналық-әлеуметтік көмек; Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) ғылыми-практикалық зерттеулерді, психикалық денсаулықты нығайту бойынша алдын-алу шараларын әзірлеу мен енгізуді, бүкіл халықтың өмір сүру сапасын, психикалық деңгейін, психологиялық салауаттылығын арттыруды жүргізу, қатысу;
2) психобелсенді заттарды қолданудың салдарынан психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар адамдардың алдын алу, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу, енгізу және жетілдіру;
3) фармокологиялық құралдарды, жабдықтарды клиникалық зерттеулердің әртүрлі кезеңдерін жүргізу;
4) психикалық денсаулық мәселелері бойынша заңнамалық жобалар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, психикалық денсаулық қызметін дамыту мәселелері бойынша бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
5) психикалық денсаулық мәселелері бойынша ғылыми журналдар, әдістемелік жинақтар, оқу құралдар, анықтамалықтар, бейнероликтер, фильмдер, аудио және бейне оқу құралдарын әзірлеуге, басып шығаруға және өткізуге қатысу;
6) психиатриялық және наркологиялық ұйымдардың практикасында озық медициналық технологияларды әзірлеуге, енгізуге және іске асыруға қатысу;
7) психикалық денсаулық мәселелері бойынша ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларды, симпозиумдарды, семинарларды, онкүндіктерді, дөңгелек үстелдерді, баспасөз конференцияларын ұйымдастыруға қатысу;
8) психикалық денсаулық профилактикасының ұлттық және өңірлік бағдарламаларын іске асыруды ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етуді жүзеге асыруға қатысу;
9) психатрия, психотерапия, наркология, сондай-ақ емдеуде жатқан адамдардың ілеспе аурулары саласында алдын алу, консультациялық-диагностикалық, емдеу, медициналық-әлеуметтік, оңалту көмегін көрсету;
10) оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісінде алынған еңбекке баулу, ауыл шаруашылық өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірумен және өткізумен байланысты әлеуметтік-оңалту қызметі;
11) психотроптық және наркологиялық заттарды, сондай-ақ емдеуде жатқан адамдарға арналған инъекциялық ерітінділер мен дәрілік препараттарды сақтау, дайындау және жіберу;
12) бірлескен өтеусіз қызмет көрсету бағдарламаларына қатыса отырып, ғылыми, ғылыми-практикалық және өзге де ұйымдармен психикалық денсаулық мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
13) психиатрия, психотерапия, наркология, сексопатология, психология, суицидология және психикалық денсаулық саласындағы басқа да мәселелерге қатысты оқу бағдарламаларын ұйымдастыру, әзірлеу және біліктілікті арттыру, кадрларды қайта даярлау курстарын, семинарлар, мастер – класстар өткізу.
Даму стратегиясы:
-Мекеменің пациенттеріне олардың психикалық жай-күйін жақсарту, әлеуметтік оңалту және аса қауіпті психикалық науқастарды қоғамға реинтеграциялау проблемаларын шешу мақсатында медициналық қызметтер көрсетудің биопсихоәлеуметтік моделін одан әрі жетілдіру; -Пациенттердің жаңа құқыққа қарсы, оның ішінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау кезеңінде іс-әрекеттер жасауының алдын алу. |
-Техногендік сипаттағы авариялық және төтенше жағдайларға жол берместен мекеменің тұрақты жұмыс істеуі.
Ұйымның веб-сайтына сілтеме: http://mentalcenter.kz/