Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудан әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi

    Жалпы ақпарат

    Жалпы ақпарат
    Мекеменің функциялары:
    1. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №228-V Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларына, жоғары тұрған өкілді және атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімдерінің қаулыларына, шешімдері мен өкімдеріне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
    2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын тіркеу және қарау;
    3. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107-II «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласы бойынша аумақтарды дамытудың перспективалық және ағымдағы бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
    4. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кадрлық жұмыстарды жүргізу;
    5. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес аудандық спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын әзірлеу және іске асыру, аудан аумағында бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдау, салауатты өмір салты қағидаттарын насихаттау;
    6. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес аудандық деңгейде спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу, аудандық құрама командаларды әртүрлі спорт түрлері бойынша даярлау және олардың облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
    7. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес ауданның спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;
    8. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес ауданда дене шынықтыру мен спорттың дамуына талдау жүргізу және уәкілетті органға мәліметтер ұсыну;
    9. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес спорттық разрядтар мен санаттарды беру: екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдер разрядтары, жоғары және орта біліктілік деңгейіндегі екінші санатты жаттықтырушы, жоғары біліктілік деңгейіндегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары және орта біліктілік деңгейіндегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.