Мағжан Жұмабаев ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

    Негізгі міндеттері мен функциялары «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері: 1. Аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүргізу: - жоспарлау жобаларына, ауданның бас жоспарына сәйкес аумақты қала құрылысын игеру және елді мекендерді салу жөніндегі қызметті әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру; - ауданның сәулеттік келбетін жасауда жобаларды әзірлеуді ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау. 2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысу. 3. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы қолданыстағы нормативтердің, бекітілген өңірлік бағдарламалар мен ауданның дамуын айқындайтын жобалардың дұрыс қолданылуын және орындалуын бақылау. 4. Мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. 5. Күрделі құрылыс бойынша бюджеттік өтінімдерді әзірлеу және негіздеу (2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы). 6. Барлық ведомстволық бағынысты бағдарламалар бойынша жұмыстарды, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу, орындалған жұмыстардың мерзімдері мен сапасына бақылауды жүзеге асыру (2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы). 7. Сәулет және қала құрылысы талаптары бөлігінде инвестициялық әзірлемелерді, жобалау, ғылыми-зерттеу, сондай-ақ іздестіру, құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстарын үйлестіру. 8. Ауданды дамытудың Бас жоспарын әзірлеу және іске асыру бойынша Тапсырыс берушінің функцияларын орындау. 9. Қаланы дамыту және қайта құру процесінде сәулет өнерінің идеялық-көркемдік деңгейін арттыру. 10. Қала құрылысы шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету, тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың әрлеу сапасын және конструктивтік тұрақтылығын арттыру. 11. Сәулет және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау. 12. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуға жоспарланған) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу (2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 2 тармағы). 13. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толтыруды қамтамасыз ету. 14. Тазарту ғимараттарының құрылысын ұйымдастыру. 15. Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру. (2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» ҚР Заңы) 16. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру (2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) 17. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге құқылы. Функциялар: 1. Аудан аумағының қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеу және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. (2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 2 тармағы). 2. Аумақтың жоспарланып отырған құрылысы не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халықты хабардар етеді. («Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабы 5 тармағы). 3. Аумақты салу, инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау (2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 2 тармағы). 4. Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы шешім қабылдау (2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 2 тармағы). 5. Аудан аумағын қала құрылысын игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы, құрылыс және өзге де жобалау құжаттамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді. 6. Бекітілген қала құрылысы құжаттамасына, қала құрылысы тәртібінің, аудандық құрылыс салу ережелерінің сақталуына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылуын қадағалауды жүзеге асырады. 7. Аудан әкіміне объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөнінде ұсыныстар дайындау. 8. Аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша жобаларды мемлекеттік сараптаудың, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының облыстық бөлімшелерімен және лицензиялау органдарымен өзара іс-қимыл жасау. 9. Қала құрылысы құжаттамасының барлық түрлерінің әзірленуін ұйымдастыру және бақылау. 10. Аудан аумағында құрылысқа арналған барлық ғимараттар мен құрылыстардың жобаларын жоспарлау және салу жобаларын қарау және келісу. 11. Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмаларын әзірлеу және инвесторларға (Тапсырыс беруші-құрылыс салушыларға) беру. («Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68 бабы 8 тармағы). 12. Сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын дайындау. 13. Халықты әлеуметтік қызметтердің ең төменгі деңгейімен қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй мен мәдени-тұрмыстық объектілердің мемлекеттік бағдарламаларын орындауды ұйымдастыру. 14. Құрылысы аяқталған объектілерді мемлекеттік нормативтерге сәйкес пайдалануға мемлекеттік қабылдауды ұйымдастыру (2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75 бабы). 15. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де функцияларды орындайды.
    Мағжан Жұмабаев ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.