Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудан әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi
Бөлім туралы
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан аумағында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады. Бөлім қызметінің негізгі бағыттары жер қатынастарын реттеу, жер заңнамасы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, жер учаскелерін беру және ресімдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау болып табылады.