Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі
Қызметтің негізгі міндеттері:
1) әділ сот ісін жүргізуге, адамгершілікпен қарау мен қылмыстық үкімдерді орындау кезінде және басқа да мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде адамның қадір-қасиетін құрметтеуге құқығын қорғау;
2) сотталғандарды түзету мен қайта әлеуметтендірудің басымдылығы бар бірыңғай сот практикасы мен теңгерімді қылмыстық саясатты қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) заң бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарын анықтау және жою.
Қызметтің негізгі бағыттары:
1) заңды күшіне енген қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау;
2) қылмыстық үкімдердің орындалуының заңдылығын және адамдарды тергеу изоляторлары мен күзет орындарында ұстауды бақылау;
Қызметтің сот практикасының біртектілігін қамтамасыз ету және талдау саласындағы негізгі функциялары:
1) қылмыстық істер бойынша сот практикасы мен қылмыстық үкімдерді орындау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жасайды;
2) қылмыстық істер бойынша бірыңғай сот тәжірибесінің қалыптасуына ықпал етуге бағытталған шараларды әзірлейді;
3) ведомстволық бағынысты прокуратуралардың мемлекеттік айыптауды және қылмыстық апелляциялық соттардың жұмысына қатысудағы жұмысын талдайды және үйлестіреді;
4) қылмыстық саясат, қылмыстық сот төрелігі және қылмыстық жазаларды орындау саласындағы заңдардың және өзге де құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
5) өз құзыреті шегінде Бас Прокурордың құқықтық актілерінің жобаларын дайындайды және олардың орындалуын бақылайды;
6) «Задыдық» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жетілдіруге қатысады және оған бағынысты прокурорлардың жұмысында қолданылуын үйлестіреді;
7) ведомстволық бағынысты прокуратураларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, салаға әдістемелік ұсыныстар әзірлейді және жібереді, ғылыми және білім беру қызметіне қатысады.
Қызметтің заңды күшіне енген қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласындағы негізгі функциялары:
1) наразылық білдіру туралы өтініштерді қарауға;
2) сот актілері заңды күшіне енген қылмыстық істер бойынша соттан сұратулар;
3) қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын, оның ішінде «Задыдық» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мониторингі арқылы зерттейді;
4) қылмыстық іс бойынша сот актілерін кассациялық тәртіпте қарау туралы Бас прокурордың наразылықтарын дайындайды;
5) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кассациялық сатысын тыңдауға қатысады және іс бойынша қорытынды береді;
6) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырыстарында Бас прокуратураның басшылығына материалдар дайындайды;
8) төмен тұрған прокурорларға қылмыстық істерді кассациялық тәртіпте қарау практикасы туралы хабарлайды;
9) заңды күшіне енген сот актілерін бағалау негізінде бірінші сатыдағы соттарда, қылмыстық істер бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіретін қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын прокурорлардың қызметінде анықталған кемшіліктер үшін шаралар қолданады;
10) Бас Прокурордың немесе Қызметке жауапты орынбасарының атынан бірінші сатыдағы соттарда мемлекеттің мүдделерін білдіреді, апелляция жасайды, сот актілерін қайта қарау туралы өтініштер береді.
Қызметтің қылмыстық үкімдердің орындалу заңдылығын қадағалау саласындағы негізгі функциялары:
1) жеке және заңды тұлғалардың қылмыстық үкімдерді орындау мәселелері бойынша және тергеу изоляторлары мен күзет орындарында ұсталған адамдардың өтініштерін қарайды;
2) пенитенциарлық мекемелерде, пробация қызметтерінде және өзге де мемлекеттік органдарда тексерулер жүргізеді;
3) сотталған адамдар мен тергеу изоляторларында және күзет орындарында ұсталған адамдардың құқықтарының бұзылуын анықтау, болдырмау және жолын кесу бойынша шаралар қолданады;
4) бақылау және ден қою актілерін енгізеді, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолданады;
5) рецидивке әкелетін себептер мен жағдайларды белгілейді және оларды жою жөніндегі шараларды әзірлейді;
6) бағынысты прокурорлардың үкімдерді орындаумен байланысты сот практикасын қалыптастырудағы жұмысын үйлестіреді;
7) сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты прокуратуралармен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, қоғамдық бақылау өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
8) сотталған адамдарды кешiру мәселелерiн қарауға байланысты қорытындылар дайындайды.