Ішкі аудит қызметі
1. Қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысу;
2. Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде олардың қызметінің барлық бағыттары, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізу;
3. Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде сәйкестік аудитін жүргізу;
4. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және Шарт талаптарын орындаудың, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізу;
5. Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша ішкі процестердің (бизнес-процестердің) Тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асыру;
6. Агенттіктің стратегиялық құжаттарының мақсаттары мен міндеттеріне бюджеттік шығыстармен өзара байланыста қол жеткізуді талдау;
7. Агенттікте тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асыру
8. ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдау