Темір аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Функциялары: 1) аудан аумағындағы государственный органға қарасты мәдени өнер және спорт мекемелері мен кәсіпорындарын, мәдени демалыс ұйымдарының қызметіне басшылық етуді іске асырады, сонымен қатар тұрғындардың мәдени деңгейін көтеру мен тәрбиелеу ісінде олардың қызметін үйлестіреді;
2) аудандық (облыстық) деңгейде ойын – сауық – көпшілік және мәдени – ағартушылық іс – шаралар өткізеді;
3) ауданның кітапхана, мұражай, клуб және спорт мекемелеріне музыкалық аспаптар мен құрал – жабдықтарды және т.б. алуды, кітапханаларды жасақтау үшін қорды орталықтандыруды іске асырады;
4) дене шынықтыру және спорт саласында нормативтер мен стандарттардың сақталуына бақылау жасайды;
5) белгіленген тәртіппен спорттық дәрежелер береді, құрметті спорттық аттақтар беру туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсыным жасайды, аудан аумағында өткізілетін аудандық байқау-конкурстардың, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін мақтау қағаздарымен, дипломдармен, жүлделермен және сыйлықтармен марапаттайды.