«Сарыарқа» Арнайы экономикалық аймағы» кеден бекеті

    Жалпы ақпарат

    Құрылған күні: Қ азақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы Жарлығымен.
    АЭА құру мақсаты: металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу өнеркәсібін дамыту, атап айтқанда, жаһандық брендтерді өндірушілерді тарту арқылы дайын өнім өндірісі.
    АЭА жұмыс істеу мерзімі: 2011 – 2036 жыл.
    АЭА аумағы: 534,9 га.

    Басым бағыттар: металлургия, ауыр техника.
    Орналасқан жері: Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы, Доски ауылы, 028, 1383-бөлім.

    АЭА аумағына/аумағынан шетелдік тауарлар мен Еуразиялық экономикалық одақ тауарларын әкелуге, орналастыруға, пайдалануға және әкетуге кедендік бақылауды жүзеге асыру, тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру шарттарының сақталуына және осындай кедендік рәсімге сәйкес олардың пайдаланылуына кедендік бақылауды жүзеге асыру, өткізілетін тауарларға қатысты кеден ісі саласындағы тыйым салулар мен шектеулердің сақталуына кедендік бақылауды жүзеге асыру болып табылады, қолданылуы аяқталмаған, кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлардың есебін жүргізуді қамтамасыз ету, АЭА аумағында адамдардың осындай аумаққа кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету болып табылады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.