«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»
Тайынша ауданын басқару сызбасына сәйкес мемлекеттiк мекеме түрiнде құрылған «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi экономика және қаржы саласындағы мемлекеттiк саясатты, бюджеттi жоспарлау және атқару, коммуналдық меншiктi басқаруды қалыптастырады және жүзеге асырады. Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкiмдiгi экономика және қаржы бөлiмiне қатынасты өкiлеттi орган болып табылады.
Экономика және қаржы бөлімі өз қызметінде Қазақстан Респубюликасының 24.04.2004 жылғы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының заңнамаларына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламенті актілеріне, Үкімет Қаулыларына, ведомстволық нормативтік актілерге, облыс, аудан әкімдерінің өкімдері мен шешімдерін басшылыққа алады.
Экономика және қаржы бөлімі қызметінің мақсаты:
Аудан аумағында мемлекеттің экономикалық және құрылымдық саясатын жүргізу және жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық құзіретіндегі жоспарларды оны іске асыру келешегіне әзірлеуді қамтамасыз ету. Аудандық бюджеттің атқарылуы барысында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және коммуналдық меншікті басқару, аудандық бюджеттің, бюджеттік есептің аумағында салалық үйлестіру және әдістемелік басқару.