«Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

    Жалпы ақпарат

    «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1132 қаулысына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады.

    Негізгі мақсаты жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік, сыртқы экономикалық қызметі үшін жағдай жасау және ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуін жеделдету және оңайлату, бағдарламалық қамтылымды енгізу және сүйемелдеу, жаңа ақпараттық технологияларды зерделеу, енгізу, сүйемелдеу болып табылады.

    «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің негізгі түрлері:

    • сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;
    • веб-порталдардың қызметі (өз қажеттіліктері үшін және Мемлекеттік кірістер комитетінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін);
    • Қазақстан Республикасының шекаралық аймағы мен белдеуінде және Алматы облысының Алатау қаласында жүктерді жинақтау және сақтау;
    • Қазақстан Республикасының шекаралық аймағы мен белдеуіндегі автомобиль тұрақтарының қызметі;
    • Қазақстан Республикасының шекаралық аймағы мен белдеуінде және Алматы облысының Алатау қаласында қойма қызметі аймағында жүктерді көліктік өңдеу;
    • жол бойындағы және Қазақстан Республикасының шекаралық аймағы мен белдеуіндегі мейрамханалары бар қонақүйлердің қызмет көрсетуі;
    • өз қажеттіліктері үшін және үшінші тұлғаларға ақылы негізде қызмет көрсету мүмкіндігімен Мемлекеттік кірістер комитетінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін серверлік үй-жайларды (деректерді өңдеу орталықтарын), бағдарламалық өнімдерді, электрондық ақпараттық ресурстарды, мобильді және өзге де қосымшаларды пайдалануға беру;
    • үшінші тұлғаларға ақылы негізде қызмет көрсету мүмкіндігімен өз қажеттіліктері үшін және Мемлекеттік кірістер комитетінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін деректерді өңдеу саласындағы қызмет;
    • жалға беру (қосалқы жалдау) және меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті басқару.

    Сілтеме: nzhkeden.kz

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.