«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

    Жалпы ақпарат

    «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңсыз алынған активтерді қайтару рәсімдерінің нәтижесінде мемлекет меншігіне қайтарылған активтерді тиімді басқару үшін құрылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады.

    Негізгімақсаттары активтерді тиімді басқару арқылы максималды табыс алып, оларды қоғам мен мемлекет мүддесіне пайдалану, активтерді бұзылудан, жоғалудан және басқа да тәуекелдерден қорғау шаралары арқылы олардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ активтерді арнайы мемлекеттік қорға қаражат аудару мақсатында ашық және бәсекеге қабілетті процедуралар арқылы сату болып табылады.

    «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіқызметінің негізгітүрлері:

    • Мемлекет атынан активтерді меншігіне қабылдау;
    • Активтердің сақталуы мен күтілуін қамтамасыз ету;
    • Активтерді сату және оларды басқару;
    • Түскен қаражатты арнайы мемлекеттік қорға аудару.

    Сілтеме: https://kuva.kz/

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.