"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыруды және жоспарлауды жүзеге асырады, ауданның даму бағдарламасының жобасын әзірлейді, жоспарлар мен бағдарламалардың іске асырылуына мониторингті, әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық жоспарларын әзірлеуді әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді, аудан бюджетінің жобасын, оның ішінде бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуді, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады. Жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; заңнамалық актілерге сәйкес коммуналдық меншікті басқару жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, мемлекеттік қатысу үлесімен КМҚК, КМК, АҚ және шаруашылық серіктестіктердің мемлекеттік мекемелерінің тізілімін жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; жекешелендіруді бақылауды жүзеге асыру. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын және жеке өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау
Қызметтің негізгі бағыттары
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Экономикалық саясат, аудандық бюджетті жоспарлау және атқару, Мемлекеттік аудандық коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.