"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" КММ
«Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi
«Iшкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi iшкi саясаттық тұрақтылық пен саяси процестердiң демократияландыруға, этникалық қарым-қатынастарды үйлестiру, қоғамдық прогресс пен азаматтық бейбiтшiлiк үшiн жағдай жасау және қорғау, қазақстандық патриотизмдi тәрбиелеу, мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асырудың тиiмдiлiгiн арттыру, тұрғындар арасында аудандық және ауылдық ақпараттық түсiндiру топтары арқылы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуы, Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Президенттiң Жолдаулары бойынша түсiнiктеме жұмыстарын жүргiзуге бағытталған.
Бөлiм мемлекеттiк басқару органдарының үкiметтiк емес ұйымдары, саяси партиялар, этномәдени бiрлестiктермен өзара қарым-қатынасты үйлестiру бойынша функцияларды жүргiзедi, ауданның дiни жағдайына мониторинг жасайды.
Азаматтарды қабылдау
Аплесанова Гүлнар Сағитқызы — «СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы
Қабылдау уақыты — апта сайын, жұма күндерi, сағат 17.00-ден сағат 18.00-ге дейiн.
«СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмi» КММ сенiм телефоны: 8(71542) 21-1-45, электрондық мекен жайы: [email protected]