«Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ

    Об управлении

    Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс Басқармасы туралы

    "Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-басқарма) қалалық ауқымдағы жұмылдыру әзірлігін, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуді ұйымдастырудағы меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Басқарма міндеті-Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерінің, әкімдік пен қала әкімінің, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органның актілерінің орындалуын қамтамасыз ету.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.